Қоғам

Қазақстанда жастардың 80%-ы діни көзқарасты ұстанады

© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURI /Намаз
Намаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы жастардың бойында діни экстремистік ұйымдардың насихаттарына қарсы тұратын берік иммунитет қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. "Әйелдер ұйымдарының жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы рөлі" атты республикалық конференция туралы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасынан Қазақстанда жастардың басым көпшілігі дінге сенеді деген қорытынды шығаруға болады.

Женщина в парандже, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы қыздардың қара жамылуына тыйым салуды ұсынды

"Бүгінде Қазақстандағы жастардың саны 4 миллион. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметі бойынша, қазір жастардың 79,6%-ы діни көзқарасты жақтайды. Олардың арасындағы дінді белсенді ұстанушылар үлесі – 9,9%", — деп көрсетілген хабарламада.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Ол Елбасының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты халыққа жолдауында діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу жөнінде жұмыс жүргізу қажеттігі туралы міндеттер қойғанын және бұл жұмыстарға үкіметтік емес сектор мен діни бірлестіктерді белсенді атсалысуға шақырғанын атап өтті.

Хиджаб киген қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда мұсылмандарға ортақ киім үлгісі тігілетін болды

Хабарламада айтылғандай, діндар адамдардың радикалдануына ықпал ететін негізгі ақпарат көзі интернет болып отыр. Биылғы бірінші тоқсанда қазақстандық интернет кеңістікте терроризм және экстремизм идеяларын тарату бағытындағы 100 мыңнан астам дерек анықталып, оларды жою шаралары жүргізілді. Құқық қорғау органдарының жүйелі жұмысы арқасында былтырғы 6 ай ішінде экстремизм және терроризм нышаны бар 315 қылмыс тіркелген. 12 экстремистік актінің жолы кесілді. Мемлекет тарапынан халықтың түрлі топтарының арасында мақсатты түрде алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушылардың 32%-ы арнаулы сауықтыру шараларымен қамтылды.

"Діни экстремизм мен терроризмге қарсы Қазақстан Республикасындағы іс-қимылдың 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы арқасында ел тұрғындарының шамамен 90%-ын қамтыған түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді. Сәлафийлік ағымның 70-ке жуық жетекшісі мен белсендісінің Қазақстан қоғамының құндылықтарына деген көзқарасындағы қателіктерді түзетіп, дәстүрлі түсінікке оралуына жағдай жасалды. Шетелге өтіп кетіп, террористермен бірге әскери іс-қимылдарға қатыспақ болған 91 қазақстандықтың жолына тосқауыл қойылды. Террористік және діни-экстремистік сипаты бар қылмысы үшін 123 адам сотталып, жазасын өтеуде", — деп мәлімет берді Әбдіқалықова.

Мемлекет хатшысы жастар мен әйелдердің бойында діни экстремистік ұйымдардың насихаттарына қарсы тұратын берік иммунитет қалыптастыру қажеттігі қазіргі маңызды міндет болып саналатынын атап өтті.

Жаңалықтар
0