АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. 21 сәуір күні Алматы әуежайында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлады қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмеге дайындық аясында терроризмге қарсы күрес бойынша қалалық жедел штабы жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу іс-шарасын өткізеді.
Жедел қызметкерлер транспорттық инфрақұрылым нысанында қатер туындаған кезде өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгеру мақсатында жаттығады.
Оқу-жаттығулар жарылғыш құрылғыларды тауып, зарарсыздандыру, тұтқындарды босату және террористтерді бейтараптау арқылы терроризм актісіне жол бермеу механизимдерін жетілдіруге бағытталған.