Өңірлер

Алматыға жақын жерде екі жер сілкінісі болды

© AP Photo / Irwin FedriansyahСейсмограф
Сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі жер сілкінісі де Қырғызстан аумағында болған

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-методикалық экспедициясы станциялары жұмаға қараған түні Алматыдан 160 шақырымдай жерде екі жер сілкінісін тіркеді.

Магнитудасы 4,8 бірінші жер сілкінісі 21 сәуір күні 06:41-де, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 160 шақырым жерде Қырғызстан аумағында болған.

Екінші жер сілкінісі де сол жерде 06:55-те болды, магнитудасы 4,7.

Жер сілкіну кіндігі 10 километр тереңдікте болған.

Сезілуі туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Жаңалықтар
0