Оқиға

СҚО-да полиция полковнигі пара алып жатқан жерінде ұсталды

© Sputnik / Болат Шайхиновпара алу
пара алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті Петропавл қаласының ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында пара алып жатқан жерінде Тайыншы ауданы Ішкі істер бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

"19 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қылмыстық іс бойынша процессуалдық келісімнің тұжырымдамасы мен қайтадан квалификациялау үшін жеке тұлғадан 500 мың теңге мөлшерінде кезекті пара алу кезінде Тайыншы ауданы Ішкі істер бөлімінің басшысы полиция полковнигі П.В. Мартынюкті қылмыс үстінде ұстады", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Параның жалпы сомасы — 1 миллион 850 мың теңге.

Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қаласының ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар
0