Қоғам

Елімізде жемқорлар көбейіп барады

© Sputnik / Болат ШайхиновЖемқорлық
Жемқорлық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық істер статистикасы елдегі жемқорлық ең көп жасалған өңірді анықтады

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Биылғы жылы алғашқы үш айда 2016 жылғы дәл осындай мерзіммен салыстырғанда жемқорлар саны 33%-ға көбейген, деп көрсетіледі ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің мәліметінде.

Лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр: денсаулық сақтау жүйесінде жемқорлық өршіп барады

2017 жылдың алғашқы үш айында елімізде жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 220 адам сотталған, ал былтыр бұл көрсеткіш 165 болған екен.

2016 және 2015 жылдардағы статистикаларды салыстырсақ, жемқорлықтың біртіндеп өсіп бара жатқанын байқаймыз.

2016 жылы жемқорлық үшін 910 адам жазаланса, 2015 жылы бұдан 20%-ға аз, яғни 760 адам болған.

Комитет 2016 жыл бойынша елімізде жемқорлық ең көп жасалған үш өңір туралы ақпарат берді. Мұнда тергеу жүргізуге себеп болған деректер басшылыққа алынған, сонымен, жемқорлық ең көп тараған өңірлер: Оңтүстік Қазақстан (487 дерек), Жамбыл облысы (259 дерек) және Алматы облысы (239 дерек).

Ал бас қаламыз Астана "мәртебелі" төртінші орынға ие болды, мұнда тергеу органдары 222 істі қараған екен.

Жаңалықтар
0