Оқиға

Мүгедекке қатыгездік көрсеткен әйелдің қылығы қазақстандықтардың ашуын туғызды

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуЗейнеткер
Зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел жерде жатқан мүгедек адамды жолдан итеріп тастап, пакетін лақтырып жіберді

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Алматыда жарымжан адамға әйелдің қатыгездік көрсеткені туралы бейнежазба бейсенбі күні Instagram желісінде пайда болды.

Бейнежазбаға берілген сипаттамаға сүйенсек, оқиға №34 автобуста болған.

Болжам бойынша, кондуктор болуы мүмкін әйел жерде жатқан адамды (қасында балдағы бар) автобустан итеріп тастады. Кейін ер адамның пакетін өзіне қарай лақтырып жіберген. Жарымжан адамның қасында оны демеп тұрған жас жігіт қалды.

Бейненің астына жазылған пікірлерде халық бұл жайтқа немқұрайлы қараған автобус жолаушыларын сынға алуда.

Оқиғаға не себеп болғаны әлі белгісіз.

Жаңалықтар
0