АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
"Қар жамылғысының биік болуына және жылымықтың әсеріне байланысты Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік-Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 20-23 сәуір аралығында қар көшкіні болуы мүмкін", — деп хабарлады метеоқызмет.
Қаркөшкіннің жүруіне түрткі болмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады.