АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Астанада 7 мамырдағы әскери парадқа дайындық жүріп жатыр, соның салдарынан Астана мен Қарағанды арасындағы кейбір рейстердің уақыты өзгертілуі мүмкін, деп хабарлайды "Эйр Астана" АҚ баспасөз қызметі.
Әскери парад Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналады.
"Іс-шараның маңызды бөлігінің бірі еліміздің әуе қорғанысы күштерінің авиациялық техникасын көрсету болып табылады. Сол себепті 21 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана мен Қарағанды арасындағы кейбір рейстердің ұшу мерзімі аэродром аумағындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты өзгеруі мүмкін", — деп хабарлады әуе компаниясы.
Толығырақ ақпаратты Брондау және ақпарат орталығынан келесі нөмірлер арқылы біле аласыз: +7(727) 2 44 44 77 и +7(717) 2 58 44 77, + 7 702 702 44 77, сонымен бірге әуе компания сайтынан да мәлімет алуға болады.