Өңірлер

Өскеменде су бетіндегі дәмхана жағалау қоршауын бұзды

© Photo : Кадр видеосюжета "КТК"Дәмхана
Дәмхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәмхана орналасқан баржа қайраңға тұрып қалды: билік өкілдері мәселенің шешімін қарастырып жатыр

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Өскеменде су бетінде жүзіп жүретін дәмхана қалалық жағалауды қиратты, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Дәмхана орналасқан баржа наурыздың басында да өзенге қалқып шығып кеткен болатын. Кейін қайтадан сыммен бекітілген. Бірақ онысы да көп ұзамай үзіліп отыр.

ШҚО-да тік тұрған көпір - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Тік тұрған" көпір: болған оқиғаның себептері анықталды

Тіпті бұл жолы жұрттың сүйікті жағалауына зиянын тигізген. Ал дәмхана жазда ғана жұмыс істейді. Сондықтан ішінде адам болмапты.

Өзенде қалқыған нысан жергілікті шенеуніктерді де көптен бері алаңдатып жүр екен. Олар Ертістің суы көтерілгенде, баржаға буксир жіберіп, құтқармақ болған. Бірақ бұл әрекеттері сәтсіз аяқталды. Онсыз да ауыр ғимараттың сымы қатты ағысқа шыдас бере алмаған. Қазір дәмхана қайраңға тұрып қалыпты.

Жаңалықтар
0