Қоғам

Қазақстанда қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде ұлттық комиссия құрылды

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тиісті қаулы Ақорда сайтында жарияланды

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты

Комиссия қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан әрі қарышты мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Саясаттанушы: Елбасының латынға көшу туралы мәлімдемесі - РФ мен Батысқа ескерту

Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің асшысы  Әділбек Жақсыбеков, Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов кірді. 

Сондай-ақ комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы басқалар енді. 


Жаңалықтар
0