АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Степногорск төңірегіндегі шахтада үйінді астында заңсыз алтын іздеуші қаза тапты, екіншісі зардап шекті, деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқиға Ақмола облысындағы Бестөбе ауылында 18 сәуір күні болған. Степногорск полициясына "Восток" шахтасына жақын маңдағы ескі карьерде тау жынысы опырылғаны туралы хабар келіп түсті. Салдарынан заңсыз алтын іздеушілер топырақ астында қалып қойыпты. Үйінді астынан 1978 жылы туған ер адам құтқарылды, ол әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған. Кейінірек екінші кеншінің өлі денесі табылды, ол 1990 жылы туған", — деп мәлімет берді полицияда.
Құқыққорғаушылар 27 жастағы жігіттің денесін мәйітханаға жөнелтті, сараптама тағайындалған. Тексеру жүргізіліп жатыр.