АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, желдің екпіні — 15-20 м/с. Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде Алматы облысында, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Бұдан бөлек, қар жамылғысының қалыңдығы мен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары таулы аудандарында күннің күрт жылынып, жауын-шашын болуына байланысты 19-20 сәуір аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қар көшкініне себепкер болмас үшін қарлы бөктерлерге бармауға кеңес беріледі.
13-21 сәуір аралығында Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында су деңгейі көтеріліп, арнасынан асып-тасуы жалғасады.