АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Психиатр Рашида Сәндібаеваны өлтіруге қатысты аты шулы істің мән-жайын Қостанай облысының полицейлері ашты, деп жазады өңірлік «Алау» басылымы.
ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мейрам Базарбаев хабарлағандай, әйелдің өлімінен кейін оның туыстары соңғы уақыттары адам өлтіру жағдайының алдында жәбірленушінің жұмысы көп болып, құжаттарды қарап шығу үшін үйіне жиі алып кетіп жүрген.
Оқиға орнын тексеру барысында полиция қызметкерлері бұрын ауруханада ем алған науқастың ауру картасын тапқан. Ол екі кісі өлтіргені үшін қамауға алынып, тергеу изоляторында отырған. Сол адам кісі өлтіруге бөлім меңгерушісінің қатысы бар болуы мүмкін деген болжамды айтқан. Күдікті Зәуреш Изалдинаға қатысты жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында оның Руслан Гафаровпен таныстығы анықталды. Онымен бірге жалға алынған пәтерде ұзақ уақыт бойы үш жеке басы анықталмаған адамдар тұрған. Жүрісі, қимылы мен дене пішіні бойынша бейтаныс адамдар Сәндібаеваның үйінің маңында орналасқан дүкендердің біріндегі камераға түсіп қалған адамдармен ұқсас болған.
«Аталған адамдар Қарағанды облысына кетіп қалған. Ол кезде бізде оларды ұстау үшін негіз болмады. Сондықтан олардың Қостанай аумағында екі пәтер ұрлығына қатысы бар екендіктері анықталғаннан соң, олар қысқа мерзімде Қарағанды облысының Шахтинск қаласында ұсталып, Қостанайға әкелінген. Қостанайда прокуратура қолдау білдіріп, сот қамауға алуға санкция берді. Аталған күдіктілер бұлжымас айғақтар ауырлығымен Сәндібаеваны өлтіргендерін мойындау түсінігін берді», — деді криминалдық полиция басқармасының бастығы.
Алайда Гафаровқа қатысты тікелей дәлелдердің болмауынан оны ұстауға негіз болмады. Бұл оған бой тасалауға мүмкіндік берген. Алайда 17 сәуірде соңғы күдікті ұсталды.
Гафаровтың психиатриялық мекемелерде бірнеше рет емделгені анықталды. Басқа екі ұсталған ер адам керісінше психиатр дәрігерлеріне жүгінбеген.