Әкім Сапарбаев резеңке етікпен су басқан ауылдарды шолып шықты
Әкім Сапарбаев резеңке етікпен су басқан ауылдарды шолып шықты
Sputnik Қазақстан
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде қалыптасқан жағдайға байланысты қысқа мерзімді демалысын үзді. Бүгін ол Махамбет, Кирпичный ауылдарына барып... 18.04.2017, Sputnik Қазақстан
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде қалыптасқан жағдайға байланысты қысқа мерзімді демалысын үзді. Бүгін ол Махамбет, Кирпичный ауылдарына барып, Ілек, Сазда өзендерінің арнасының тасуынан зардап шеккен бағбандық ұжымдардағы үйлерді шолып шықты.
Сондай-ақ, өңір басшысы қауіпсіз жерге көшірілгендердің уақытша орналасу орындарында болды. Еске сала кетейік, Ақтөбеде табиғи сипаттағы жергілікті ауқымды төтенше жағдай жарияланды.
Өңірдің су қоймасы аймағы мен өзен алқаптарында салынған 597 үй мен ауланы су басып, 1510 адам қауіпсіз жерге көшірілді және 69 адам құтқарылды.