Тіркелудің екі жолы бар. Бірінші, өзіңіз таңдаған емханаға барып, өтініш жазасыз. Екінші, электрондық үкіметтің сайтында өтініш қалдыра аласыз. Сонымен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді анықтап алу маңызды. Бұл сізді сақтандыруға қаражатты кім аударатынын анықтау үшін керек. Биылғы жылдың соңына дейін әрбір Қазақстан азаматы өз еркімен таңдаған емханаға тіркелуге міндетті.