АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Түркіменстан халқы Қазақстан үшін ең жғқын көрші, әрі әріптес болып табылады, деп мәлім етті ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
"Түркіменстанды, түркімен халқын біз үшін ең жақын көрші, әріптес әрі бауырлас халық деп білеміз. "25 жылдың ішінде біздің арамызда шешілмеген мәселе болмаған. Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы қарым-қатынас қалай орнады, солай дамып келеді", — деді Назарбаев Бердімұхамедовпен шағын құрамда кездесу барысында
Ол екі елдің сыртқы саясат жағынан ынтымақтастықтасып, xалықаралық деңгейдегі бір бірінің бастамаларын үнемі қолдап отыратынын атап өтті.
"Екі жақты ірі жобалардың бірі — "Қазақстан-Түркіменстан-Иран" теміржолы. Жібек жолының бағыты деуге болады. Аталған мәселе мамырдың 15-сі күні Бейжіңде өтетін "Бір белдеу-бір жол" атты үлкен форумда да талқыланады", — деп қосты Назарбаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысының ақапаратына сәйкес, екіжақты ынтымақтастықты нығайтатын бірқатар құжаттар рәсімдеуге әзірленген.