АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. WBO халықаралық бокс ұйымының президенті Францицко Варкарсель мәлімдегендей, қазақстандық Генндаий Головкин мен британдық Билли Джо Сондерс жекпе-жек туралы келісімшарт жасасқан жоқ.
"Сондерс пен Головкиннің арасында жекпе-жек өтетіні туралы шешім жоқ, тіпті жоспарланған да емес. Бұл жекпе-жек туралы келісімшартқа қол қойылмаған. Шынымды айтар болсам, бұл жекпе-жек мүлдем болмайды деп ойлаймын. Головкиннің демалып, тыныққысы келетінін білемін. Бұдан бұрын жекпе-жек шілде айында болады деген еді, бірақ уақыт аз қалғандықтан шілде айында да өтпейтін шығар", — деді Варкарсель "Р-Спорт" тілшісімен сұхбат барысында.
Бұдан бұрын Астана әкімдігі туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев мәлімдегендей, боксшылардың жекпе-жегі Астана қаласында 17 шілде күні өтуге тиіс болатын. Алайда, көп ұзамай елорда әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, Маржықпаевқа ескерту жасаған.