АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Әділет органдарының қызметкерлері сейсенбі күні таңертең Александрдың (өзінің сұрауымен есімі өзгертілген) атвокөлігін тәркілеген. Бірнеше ай бойы алматылық сот орындаушыларынан қашып жүріпті, өйткені отбасылық көлікті мемлекет кірісіне тәркілеу әділетсіз деп санайды: көлікті айыппұл тұрағына әкетуге себеп болған қылмыстарды ол жасамаған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Александр әйелінің атына жазлыған көлікті 2015 жылы танысына уақытша бере тұрыпты. Арада бінеше ай өткенде, ер адам көлікті айыппұл тұрағынан тауып алады. Сөйтсе, кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған танысынан Toyota RAV 4 көлігін сот мерзімі кезінде тартып алған екен. Бірақ сол кезде заңды иелері көлікті қайтарып алған болатын: Александр мен әйелі екеуі АІІБ-не арыз жазып, үкім шығарылғанға дейін көлікті сатпаймыз деп міндеттелген.
Кейінірек сот Александрдың танысының кісі өлтіргенін және жәбірленуішіні осы көлікпен тасып, өлтіргеннен соң мәйітті де тасымалдағанын дәлелдепті. Және автокөлікті қылмыс құралы ретінде мемлекеттік кіріске тәркіленгендігі де үкімде көрсетілген.
Бұған наразы болған Александр қалалық прокуратураға, ауданаралық сотқа және Жоғары сотқа хат жазғанымен, одан еш нәтиже шықпайды.
Бүгін таңертең полиция қызметкерлері көлікті иесінен сот үкімімен тартып алыпты. Полицейлермен болған әңгіменің біразын Александр бейнежазбаға түсірген.
Айта кетсек, Астанадағы сенімді адам Александрдың өтініш хатын Бас прокуратураға бүгін апарып береді. Енді көлігін күнкөріс мақсатында пайдаланып жүрген Александрға Бас прокуратура жауабын күтеннен басқа амал жоқ.