Өңірлер

Ақмола облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

© Photo : КЧС МВД РКСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс аудандарында 34 елді мекен мен 888 үй суға кеткен

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында жергілікті билік өкілдері Атбасар және Сандықтау аудандарында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялады деп хабарлайды облыстық әкімдік баспасөз қызметі.

Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астананы су басуы мүмкін

Өңірде су тасқыны ахуалы ушығып тұр, 16-17 сәуірде жағдай күрт қиындады. Облыстың барлығы 12 ауданында 35 рет жолдарды су шайып, 34 елді мекен суға кеткен, 888 үй мен 1250 аула аумағын су басты, 2403 тұрғын дер кезінде көшіріліп, 2206 мал қауіпсіз жерге айдап апарылды. Құрбандар мен мал шығыны жоқ.

Қазір 318 үйден су ағызып шығарылып, 307 тұрғын баспаналарына қайта оралды. Эвакуациялау пункттері мен туған-туыстарының үйінде 1619 адам тұрып жатыр.

Алдын-алу шаралары уақытылы жүргізілгеніне қарамастан, Сандықтау және Атбасар аудандарында Жабай өзенінің су деңгейі күрт көтеріліп кеткендіктен, 17 сәуір күні төтенше жағдай жарияланды.

Бұл аудандардың елді мекендеріндегі су деңгейі 1 метрден 2 метрге дейін жетті (соңғы рет мұндай тасқын 1964 жылы болған).

Жаңалықтар
0