АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Қайғылы оқиға Ақмола облысында болған: мүгедек жігіт ашық тұрған құдыққа құлап, тұншығып қаза тапты деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Құтқарушылар 17 сәуір күні Шортанды ауданындағы құдықтан жігіттің денесін тауып алған.
Полиция хабарлағандай, 1995 жылы туған, балалар церебалді сал ауруына шалдыққан жігіт байқаусызда өз үйі ауласындағы құдыққа түсіп кетіпті.
Мәйітті құдықтан шығарып, сараптамаға жөнелтті.