Өңірлер

Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады.

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, оңтүстік-шығыста жаңбыр найзағаймен күтіледі.

Жамбыл облысында жел 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі, кей жерлерінде тұман бақыланады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 25 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында найзағай күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жаңалықтар
0