Қоғам

Шпекпаев: азаматтар ЭКСПО-2017 билетін тек өз қалауы бойынша сатып алады

© Sputnik / Ксения ВоронинаЭКСПО билеттерін сату
ЭКСПО билеттерін сату - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде ЭКСПО көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлеп жатыр деген ақпарат тараған болатын

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Адамдарды ЕХРО-2017 көрмесінің билеттерін күштеп сатып алуға ешкім мәжбүрлей алмайды, қазақстандықтар билеттерді тек өз қалауы бойынша сатып ала алады, деп мәлім етті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Павильон ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Кәсіпкер 2 миллион теңгеге "ЭКСПО-2017" билетін сатып алды

"Ашық диалог" интернет-конференциясы барысында азаматтардың бірі ЕХРО-2017 көрмесінің билеттерін күштеп сату оқиғаларына қандай тоқтам болатынын сұраған еді.

"ЕХРО-2017 ресми интернет-сайтының ақпаратына сәйкес, билеттер 2016 жылғы 10 желтоқсаннан бастап сатылып жатыр. Бұл ретте ол іс-шараға билетті сатып алуға міндеттеу еш жерде қарастырылмаған. Сондықтан ЭКСПО-2017 көрмесіне билетті азаматтар өз еркімен ғана сатып алуға құқылы", — деді Шпекбаев.

Сонымен қатар ол "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының басшысы Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен қоғаммен байланыс департаменті "жедел желі" ашқанын, онда "ЭКСПО" атауын жамылып, заңсыз ақша жинау фактілерін хабарлауға болатынын еске салды.

Жаңалықтар
0