Оқиға

Елдегі су тасқыны бойынша болжам: босаңсуға ерте

© Sputnikсу тасқындары
су тасқындары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері елімізде су басу қаупі сейілмейді

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Қазақстанның бірқатар өңірінде су басу қаупінің сақталуына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

"18-21 сәуір аралығында Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды өзендерінде су деңгейінің көтерілуі, су тасу мен су басу жалғасады",  — деп ескертеді "Қазгидромет" метеоқызметінің синоптиктері.

Соңғы бірнеше күн бойы Қазақстанның солтүстігі мен орталығы су тасқыны болып жатыр. Мыңдаған үйлерді су басып, адамдар үйлерін тастап кетуге мәжбүр. Адамдар арасында құрбан болғандар жоқ, алайда мал шығыны бар. Содай-ақ тас жолды су шайып, көлік қозғалысын қиындатып жатыр.

Жаңалықтар
0