Оқиға

Су басқан аймақтардан пойызбен жүздеген адамды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр

© Photo : АО "НК "Қазақстан темір жолы"жолаушылар пойызы
жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды және Ақмола облыстарында су басқан аймақтардан темір жолмен 800-ден астам адамды қауіпсіз жерге көшірді

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Қарағанды және Ақмола облыстарында су басқан аймақтардан темір жолмен 800-ден астам адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Теміржолшылар Қарағында облысынан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге белсенді көмек көрсетіп жатыр.

"Өткен демалыс күндері Қарағайлы-Қарағанды бағыты бойынша "Северный" филиалының арнайы бөлінген вагондармен 660 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Жолаушыларды көптеп әкету үшін қаламаңы тасымалдарының электр пойыздары жұмылдырылды. Осылайша, №6857-6858 Астана-Қарағанды-Астана бағытымен 171 адам көшірілді", — деп атап өтті тасымалдаушы. Бүгін Ақмола облысы Аршалы ауданындағы күрделі жағдайға байланысты 42 разъезд Волгодоновский ауылдық округінің жолаушыларын тасымалдау үшін тағы үш жолаушылар вагоны бөлінді.

Жаңалықтар
0