Өңірлер

Су тасқыны салдарынан Теміртау ауданы сусыз қалды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуСу
Су - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теміртаудағы жүздеген үйдің тұрғындары ауыз сусыз қалды

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Су тасқыны салдарынан Теміртауда 207 көпқабатты және 4 мыңға жуық жеке үй ауыз сусыз қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігінің тілшісі.

Ауыз судың жетіспеушілігіне су тасқыны себеп болған, өйткені ағын су халықты ауыз сумен қаматамасыз етіп отырған Сергиополь және Нұра тоғандарын шайып кеткен.

Тұрғындар 14 сәуірден бері ауыз сусыз отыр.

© SputnikТеміртаудағы су тасқыны
Теміртаудағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан
1/2
Теміртаудағы су тасқыны
© SputnikТеміртаудағы су тасқыны
Теміртаудағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан
2/2
Теміртаудағы су тасқыны
1/2
Теміртаудағы су тасқыны
2/2
Теміртаудағы су тасқыны

"Теміртау қаласының Батыс ауданындағы тұрғындар ауыз сусыз қалды. Қазір Опан төбесіндегі "Окжетпес-Т" ЖШС және "АКВА-Трейдинг" ЖШС-нен ауыз су жеткізілуде", — деп хабарлады Теміртау әкімдігінің баспасөз қызметі.

© SputnikҚазақстандағы су тасқыны картасы
Қазақстандағы су тасқыны картасы - Sputnik Қазақстан
Қазақстандағы су тасқыны картасы
Жаңалықтар
0