Өңірлер

Бүлдіршін қызды азғыннан құтқарып алған бозбалаға марапат берілмек

CC0 / acandraja / Қыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық әрекет жасады деген күдікке ілінген ер адам құрықталды

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Полиция сегіз жасар қызды құтқарып, күдіктіні ұстауға жәрдемдескен жас жігітке марапат беру мәселесін қарастырып жатыр деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Еңбекшіқазақ ауданында тұратын бозбаланың адамгершілік іс-әрекеті туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті. Жас жігіт кішкентай қызды ер адамның қолынан құтқарып алып, кейін күдіктіні ұстауға көмектескен.

"Қазіргі уақытта күдіктіні анықтап ұстауға жәрдемдескен азаматтарды марапаттау мәселесі қарастырылуда. Ұсталған күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр", — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Оқиға 14 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында болған: мас ер адам сабақтан қайтып келе жатқан сегіз жасар бүлдіршін қызға тиіспек болыпты.

Күдікті сол ауылдың 32 жастағы тұрғыны екен. Тергеу жұмысы облыстық ішкі істер департаментінің бақылауына берілді.

Жаңалықтар
0