Өңірлер

Петропавлда ер адам жынысын ауыстырды

© Public Domainтелефонға түсіру
телефонға түсіру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыныс хирургиялық араласуынсыз ауыстырылған, ол құжат алуға кедергі болған

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Петропавлда жынысын ауыстырғаннан кейін жаңа жеке куәлігін алудың алғашқы дерегі тіркелді. Ер адам тек дене пішінімен ғана емес, құжаттармен де әйелге айналды. Алайда бұл үшін оған сотқа жүгінуіне тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Өз құқығын қорғау үшін трансгендер жүгінген Петропавл қаласының №2 сотында хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзін жастайынан қыз сезінген: ол қуыршақ ойнағанды, әдемі көйлек кигенді жақсы көрген. Бірақ бұл туралы ол ешкіммен бөлісе алмаған. Отбасы ауылда тұрған. Ол жерде барлық нәрсе баршаның көз алдында және ескі көзқарасты әдет-ғұрыптар әлі де күшінде. Ата-анасы — қатал кісілер. Жігіт ұзақ уақыт бойы еркек секілді өмір сүруге талпынады: экстремальды спортпен айналысты, ерлердің мамандығын таңдап, тіпті отбасын да құрды. Алайда мұның бәрі терең күйзеліс және өзіне қол салу туралы оймен аяқталды. Содан кейін жас жігіт таныстарының кеңесі бойынша квалификацияланған көмекке жүгініп, 2015 жылы Мәскеу қаласындағы ғылыми дербестендіру психиатрия орталығында тексеруден өтті.

Жасалған қорытындыға сәйкес, тексерілушінің жыныс ауыстыру үшін себеп болуы мүмкін психиатриялық ауруы және гомосексуалдық көріністері жоқ. Ол интеллектуалдық тапшылық көріністерін байқамайды.

"Өзін әйел жынысымен бірдейлендіру күшті болып табылады. Оны гендерлік дисфорияның ертерек көрініс табуы, оның бүкіл өмір бойы тұрақтылығы және қазіргі уақытта қоғамда әйел рөлінде әлеуметтенуді қалау білдіреді. Аталған дефект адамның биологиялық (еркек) рөлінде әлеуметтік бейімделуін қиындатады. Сондықтан оның жынысын гармоналдық немесе хирургиялық түзету қажет", — деп атап өтті мамандар.

Бірақ жынысты өзгерту тек қағаз жүзінде ғана оңай болып шықты. Жас жігіт көптеген қиындықтар мен кедергілерге тап болды. Қазақстанда жынысты ауыстыру ресми түрде рұқсат етілген. Бірақ бұл процедурадан өту үшін тек өр мінез және табандылық қана емес, көп бос уақыт, мықты денсаулық пен мол қаржы қажет екен.

Жаңалықтар
0