Өңірлер

Қазақстанда дүйсенбіде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, солтүстіктің басым бөлігіндежел күшейеді.

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ақмола,  Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында  жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланады.

Қостанай  облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде  тұман бақыланады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с болады, тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде  найзағай, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейуі,  түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с,  екпіні 25 м/с күшейеді,  түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтөбе облысында тұман күтіледі.

Жаңалықтар
0