Қоғам

Елбасы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуПасха
Пасха - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде барлық адамдар Пасханы, сондай-ақ басқа да маңызды діни мерекелерді жылы сезіммен қабылдайды

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

"Бұл – барлық құрлықтарды мекен еткен көптеген адамдардың өміріндегі ерекше мәні бар мейрам. Биыл православтар мен католиктердің оны бір мезетте атап өтуі мейрамның мәні мен маңызын арттыра түсуде", — делінген құттықтауда.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы ҰҚШҰ-ның өзге ұйымдармен қарым-қатынастарды кеңейту мәселесін көтерді

Елбасы атап өткендей, елімізде барлық адамдар Пасханы, сондай-ақ басқа да маңызды діни мерекелерді жылы сезіммен қабылдайды. "Бұл бірегей дәстүр біздің қоғамымыздың татулық, достық және келісім құндылықтарымен бекітілген бірлігін айшықтай түседі", — дейді Назарбаев.

Ежелгі Пасха мейрамы – жаңғырудың, ізгі үміт пен жағымды істер жасауға талпыныстың нышаны.

"Жарқын мерекеде барлық қазақстандықтарға денсаулық, отбасыларына амандық, барлық бастамаларына табыс тілеймін!", — деп сөзін аяқтады Елбасы.

Жаңалықтар
0