АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, күтіледі, оңтүстікте найзағай болады, тек солтүстік-шығыс және оңтүстік —шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, облыстарының түнде кей жерлерінде жел 15-20, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-22 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Павлодар,Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде тұман бақыланады,күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел.