Қоғам

Бүгін Қозы Көрпеш - Баян сұлу күні

© Public Domainмахаббат
махаббат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
15 сәуір елімізде ғашықтар күні аталып өтеді

АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik. Бүгін елімізде ғашықтар Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ғашықтар күні елімізде 2011 жылдан бастап аталып өтеді. Бұл мейрамның дүниеге келуі жастарымызға 14 ақпандағы әулие Валентин күнін ұмыттырудың бір амалы болса керек. Өйткені ғашықтарымыздың әлі күнге дейін ұлтымызға жат осы бір бөгде мерекені жанталасып тойлап жататынын жасырын емес. 

Ғашықтар күні! - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Махаббат жоралғылары: жақсы сөз - жарым ырыс

Бұл мейрам махаббат күні ретінде жалпыхалықтық сипатқа ие болмаса да, жыл сайын осы күні еліміздің түкпір-түкпірінде жастар түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатады. Сонымен бірге әлеуметтік желіде талқыланып, бұл мейрамға қолдау танытқан жазбалар көп жарияланады.

Ал тарихқа үңілсек, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу – қазақ халқының XIII-XIV ғасырдағы лиро-эпикалық поэмасының кейіпкерлері. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.

Жаңалықтар
0