АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Елдегі әлеуметтік желілер мен өзге байланыс арнасына бақылау күшейтілді деген ақпарат жалған болып табылады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
Қазақстандықтар соңғы күндері бір-біріне WhatsApp арқылы ішкі істер министрлігінің қаулысы туралы хабарлама таратып жатыр. Хабарламаға сәйкес, барлық қоңыраулар жазылып, әр телефон қоңырауы сақталады екен. Бақылауға бүкіл әлеуметтік желілер мен интернеттегі форумдар ілініп, ал байланыс құралдары министрлік жүйесіне қосылған мыс.
"WhatsApp арқылы ІІМ әлеуметтік желілер мен өзге байланыс арналарына бақылауды күшейтті деген жалған ақпарат тарап жатыр", — деді Сәдубаев Sputnik Қазақстанға.
Ол Конституцияға сәйкес, әр азаматтың хат алмасу, телефонмен байланысу, пошта және өзге хабарлама жіберу құпия құқығына ие екенін атап өтті. "Бұл құқық тек заңнама аясында және прокурордың санкциясымен шектелуі мүмкін", — деп атап өтті Сәдубаев.
Ол сондай-ақ, жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауаптылықтың қарастырылғанын еске салды. Ағымдағы жылы ІІМ осындай 38 дерек тіркеп, олар бойынша қылмыстық іс қозғалған.