Өңірлер

Ақмола облысында су басу қаупі жоғары ауылдың тұрғындары көшірілді

© Photo : ДЧС Акмолинской областису тасқындары
су тасқындары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызылсу өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты тасқын су жақын маңдағы ауылға жақындады

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында өзенде су деңгейінің қатты көтерілуіне байланысты Лениск ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Есіл ауданында жұмаға қараған түні Чапаев су қоймасынан судың көптеп ағылуына байланысты Ленинск ауылының маңындағы Қызылсу өзенінде су деңгейі көтерілді. Өзенде судың көтерілу деңгейі 5,5 метрді құрады, салдарынан тасқын су ауылдың тұрғын үйлеріне жақындады.

"Адам шығынан болдырмау үшін Ленинск ауылының тұрғындары (186 адам) Красивый ауылының орта мектебіне көшірілді. Қазіргі уақытта су басу қаупі жоқ, адамдар үйлеріне оралды", — деп ақпараттандырды ТЖД баспасөз қызметінде.

Атбасар ауданында Жабай, Жыланды өзендерінде жару жұмыстар жүргізілді, 604 келі жарылғыш жұмсалды.

Жаңалықтар
0