Оқиға

Алматыда жүк көлігі егде жастағы әйелді қағып өлтірді

© SputnikАлматыда жүк көлік егде жастағы әйелді қағып өлтірді
Алматыда жүк көлік егде жастағы әйелді қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан әйел адамды байқамай қалған

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Алматыда егде жастағы әйел жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты.

Жол апаты "Сәлем" базарының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлік Солтүстік сақина жолымен солтүстік бағытта келе жатады. Сол кезде қарт әйел жолды кесіп өтпек болған.

Жүргізуші жаяу жүргіншіні көрмей қалып, дер кезінде тоқтап үлгермеді. Сөйтіп, егде жастағы әйел адамды қағып кеткен. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Жаңалықтар
0