АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Биыл желтоқсан айында Қарағандыдағы оқ зауытының құрылысы аяқталады деп хабарлады ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов.
"Биыл Қарағанды қаласындағы оқ зауытының құрылысы желтоқсан айында аяқталады. 2018 жылдан бастап Қарулы күштерімізге оқ-дәрінің төрт түрі жеткізілетін болады", — деді Жанжүменов жұма күні баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, оқ зауыты жылына 30 миллион оқ-дәрі шығаратын болады.