Өңірлер

Шығыс Қазақстанда индустриялық даму департаментінің басшысы парамен ұсталды

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шенеунік екі миллион теңгеден астам пара алды деген күдікке ілінді

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы бойынша индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы пара алу үстінде ұсталды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Ведомство хабарлағандай, ұсталған шенеунік өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жобалық құжаттарды мақұлдағаны үшін кәсіпкерлік нысандарынан жүйелі түрде пара алып отырған. 12 сәуір күні кәсіпкерден 90 мың теңге пара алу үстінде ұсталып, Өскемен ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Параның жалпы сомасы екі миллион теңгеден асады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0