Спорт

Арашов Шарапованың жолын қуды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтумельдоний
мельдоний - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық теннисшінің допинг сынамасында мельдоний табылды

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Халықаралық теннис федерациясы (ITF) қазақстандық теннисші Арсан Арашовты допинг пайдаланғаны үшін дисквалификациялады, деп хабарлады жұма күні ITF баспасөз қызметі.

Бұл шешім туралы Арашовтың өтініші бойынша тәуелсіз сот допингке қарсы бұзушылықтар бағдарламасына сәйкес, тараптар аргументтерін тыңдап, ITF шешімін қолдағаннан кейін жарияланды.

Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға ресми түрде тыйым салынған мельдоний 17 жастар теннисшінің допинг сынамасынан табылды. Сынама 2016 жылдың 9 шілдесінде Гандияда (Исландия) өткен турнирде алынған болатын.

Оның допинг сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін, Арашов жарыстардан 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарыстардан шеттетілген болатын.

Енді сот шешімі шыққаннан кейін спортшының дисквалификациясы 2018 жылғы 30 қыркүйекте аяқталады.

Жаңалықтар
0