Өңірлер

Орал балабақшасында бірнеше бала уланып қалды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтубалабақша
балабақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Улану себебін зерттеулер анықтайтын болады.

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik.Орал қаласының №34 балабақшасында балалар уланып қалды, улану дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Балалар топта өздерін нашар сезініп, жүректері айныған. Төрт бүлдіршін жұқпалы ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы қазір қанағаттандырарлық. Бір баланы үйіне қайтарды.

Улануға ненің себеп болғаны әзірге белгісіз. Уланудың не себептен орын алғанын зерттеу нәтижесін алғаннан кейін ғана мүмкін болады. Балалардың улану дерегі бойынша дәрігерлер тексеру жүргізеді.

"Балабақшадан басталған соң балабақшада ішкі тексеру жүргізіледі. Неден болуы мүмкін, мәзір бекітілген, ол бойынша бабаларды тамақтандырып келген. Қазір зерттеулер жүргізіліп жатыр, сол жерде нақты айтатын болар", — деді Орал білім бөлімінің бастығы Жансұлу Төремұратова.

Жаңалықтар
0