Өңірлер

Жұма күні жауын-шашын түседі

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашындар әкеледі

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.

Республиканың оңтүстік жартысында найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей уақытта 30 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жаңалықтар
0