Қоғам

Мен әкімдіктенмін: алматылық қыз ережені өрескел бұзуына сылтау тапты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуавтоледи
автоледи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол жүру ережесін бұзған жүргізуші әйел жанында өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Жол жүру ережесін елемеген күміс түсті Hyundai Алматының Панфилов көшесінде екінші қатарда тұрған. Жанынан жүріп бара жатқан көліктің жүргізушісі бұзушыдан жолға көлігін қойғаны үшін айыппұл төлегіңіз келмейді ме деп сұрады.

Автоледи: "Мен әкімдіктенмін!", деп сенімді жауап берді.

Енді жол жүру ережесін бұзушыға — рұқсат етілмеген жерге көлікті тоқтаты және қозғалыс қатысушыларына кедергі келтіргені үшін 20 АЕК немесе 45 380 теңге айыппұл салынуы мүмкін.

Sputnik Қазақстанға бейнені "Азаматтық патруль" қозғалысының белсенділері ұсынды.

Жаңалықтар
0