Оқиға

Алматыда миллиардтаған теңгеге антиквариат контрабандасының арнасы әрекет еткен

© Photo : предоставлено пресс-службой ДГД по АлматыАнтиквариат контрабандасы
Антиквариат контрабандасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда 3,5 миллиард теңгеден астам сомадағы антиквариат және асыл тастар ірі контрабандасының жолын кесті

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Алматыда антиквариат және асыл тастар ірі контрабандасының жолын кесілді, деп хабарлады Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті. 

"Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметіндегілер жедел-іздестіру шаралары барысында ірі көлемдегі антиквариат, асыл тастармен безендірілген зергерлік бұйымдар, маркалы шарап пен коньяк контрабандасының жолын кесті", — делінген хабарламада. 

Фаберже жұмыртқасы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жылдың үздік ұрлығы: Қарағандыда Фаберже жұмыртқасы мен 1 млн доллар ұрлап кеткен

Алдын ала мәлімет бойынша, тауарлар халықаралық пошта арқылы Еуропа мен АҚШ елдерінен әкелінген. Тәркіленген зергерлік бұйымдардың бөлшек бағасы 11 миллион доллардан (3,5 миллиард теңгеден аса) асатыны айтылады. 

Антиквариат заттардың ішінде асыл тастармен және асыл металдармен әшекейленен "Фаберже жұмыртқалары", сондай-ақ, манускриптер. ежелгі қарулар, қылыштар, семсерлер, картиналар, вазала, сирек кездесетін және 20-200 жыл сақталған алкоголь өнімдерінің 70 бөтелкесі болған

Тәркіленген заттардың тарихи құндылығын және мемлекетке келтірген шығынының көлемін анықтау үшін қажетті сараптама тағайындалғаны айтылады.

© Photo : предоставлено пресс-службой ДГД по АлматыАнтиквариат контрабандасы
Антиквариат контрабандасы - Sputnik Қазақстан
1/3
Антиквариат контрабандасы
© Photo : предоставлено пресс-службой ДГД по АлматыАнтиквариат контрабандасы
Антиквариат контрабандасы - Sputnik Қазақстан
2/3
Антиквариат контрабандасы
© Photo : предоставлено пресс-службой ДГД по АлматыАнтиквариат контрабандасы
Антиквариат контрабандасы - Sputnik Қазақстан
3/3
Антиквариат контрабандасы
1/3
Антиквариат контрабандасы
2/3
Антиквариат контрабандасы
3/3
Антиквариат контрабандасы

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 2-бөлігі бойынша ("Экономикалық контрабанда") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0