Қоғам

Қарағанды облысында адамдарды қауіпсіз жерге темір жолмен көшіріп жатыр

© Sputnik / Анатолий Устиненкопойыз
пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Су тасқаныдары кезінде адам шығындарын алдын алу үшін жолаушылар пойызы екі рейс жасады

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысының Нұра ауданын су басу қауіпіне байланысты Қарағанды — ОП27 (аралық) және Қарағанды — Нұра бағыты бойынша жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін төрт жолаушылар вагоны бөлінді, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Бірінші бағыт бойынша вагондар 11:45-те келіп жетті. Адамдарды жинау және жөнелтумен жергілікті билік органдары мен ТЖ департаменті айналысып жатыр. Бірінші рейспен 98 адам әкелінді, олардың 45-і бала, 53-і ересек адам. Ол негізінен жақын жатқан елді мекен — Петровка, Сарытөбе және басқалардың тұрғындары.

Екінші маршрут бойынша жолаушылар вагондары тұрғындарды көшіруге қатысу үшін 14:45-те Нұра станциясына келді.

Жаңалықтар
0