Оқиға

Ақсуда жүк көлігі ішінде төрт жасар бүлдіршін жанып кетті

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақсу қаласында өртенген жүк көлігінің ішінен сәбидің денесі табылған

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Ақсу қаласында КамАЗ көлігінде болған өрт салдарынан төрт жасар бала қаза тапты деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мәліметінше, қайғылы оқиға 12 сәуір күні болған — ашық алаңқайда тұрған жүк көліктің кабинасы түк қалмай өртеніп кетіпті.

Хабар 15.03-те келіп түсті, өрт 15.10-да ауыздықталып, 15.18-де толығымен сөндірілді. Өртену аумағы алты шаршы метрді құрайды. Жалынды сөндірген кезде, өрт сөндірушілер көлік ішінен 2013 жылы туған бүлдіршіннің денесін тапқан.

Өрт себептері анықталып жатыр. Қазір іс полицияның тергеуіне берілді.

Оқиға орнында өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметтерінің жеке құрамынан жеті адам және бір көлік жұмыс істеді.

Оқиғаның басқа жайттары әлі анықталған жоқ.

Жаңалықтар
0