Экономика

Қазақстанда жаңа қор нарығы пайда болады

© SputnikҚайрат Келімбетов
Қайрат Келімбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада "Қазақстан қор нарығына халықаралық капиталды тарту" атты халықаралық конференция өтті. Бұл конференцияны "Астана" халықаралық қаржы орталығы BNY Mellon (Нью-Йорк) банкі, FTI Consulting және Kinstellar заңгерлік компаниясымен бірелесе отырып ұйымдастырған болатын
Глава МФЦА Келимбетов рассказал о новом фондовом рынке в РК

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов сөйлеген сөзінде атап өткендей, Қазақстан экономикасында қазіргі уақытта банк секторындағы ахуалға байланысты біраз қиындықтар бар. Бұл қиындықтар ерте ме, кеш пе әр елде кездесетін циклдік проблема болғанына қарамастан, банк несиесіне балама табу аса маңызды. Бүкіл әлемде қор нарығы сондай балама болып отыр. "Астана" халықаралық қаржы орталығы аясында жаңа қор нарығы құрылмақ.

"Қор нарығын дамытуға жақсы мүмкіндік туып тұр — мемлекет басшысы 100 қадам жобасы аясында "Самұрық-Қазына" қорының құрамына енетін ұлттық компаниялардың ірі активтерін жекешелендіру бойынша бастаманы жариялаған еді. IPO-ға шығару бағдарламасы 2018 жылы басталады, 2019-2020 жылдары алғашқы компаниялар "Эйр Астана" мен "ҚазАтомӨнеркәсіп" жекешелендіріледі. Қазақстандағы жекешелендіру бюджеттегі олқылықтарды жабу емес, инвестицияны тартып, ұжымдық басқаруды жетілдіру мақсатында жүргізілмек", — деп түсіндірді Келімбетов.

Жаңалықтар
0