Экономика

Мәжілісте қалалық трамвай қауіпсіздігі жөніндегі заң жобасы мақұлданды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуТрамвай нового поколения, архивное фото
Трамвай нового поколения, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң жобасында сауда теңіз жүзуі саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық келісім шарттардың талаптарына сәйкестендіру ұсынылып отыр

АСТАНА, 12 сәуір — SputnikМәжіліс депутаттары екінші оқылымда қалалық рельстік көлікте жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған көлік мәселелері жөніндегі түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжілісмен Уәлихан Қайназаровтың ақпаратына сәйкес, "ҚР көлік мәселелері жөнінде кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Парламент депутаттары әзірлеген. Жоба көліктегі мемлекеттік бақылаудың әрекеттегі жүйесін жетілдіру, көлік инфрақұрылымы нысандарында шекаралық кедендік бақылауды ұйымдастырып, қазақстандық су көлігін дамытуға құқықтық негіздер құру үшін әзірленген.

Екі кодекс пен тоғыз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. 

"Заң жобасында сауда теңіз жүзуі саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық келісім шарттардың талаптарына сәйкестендіру ұсынылып отыр", — деді Қайназаров заң жобасын мәжілістің жалпы отырысында таныстыра отырып.


Жаңалықтар
0