Оқиға

Алматыда аграрлық университеттің студенті жаппай төбелесте қаза тапты

© Sputnik / Анна Соловьева / Медиабанкке өтужаппай төбелес
жаппай төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда студент жаппай төбелес нәтижесінде қаза тапты, оның өлімінің себебі әзірге анықталған жоқ

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстан ұлттық аграрлық унивеситетінің студенттері жатақханада жаппай төбелесіп, салдарынан төбелеске қатысушылардың бірі көз жұмды, деп хабарлады Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Қадағалау ведомствосында атап өткендей, төбелес бірінші және екінші курс студенттері арасында шыққан. Ерегіс университет жатақханасында түнгі сағат бірлерде басталған. Салдарынан 1999 жылы туған бірінші курс студенті көз жұмды. Көрініп тұрған пышақ немесе басқада жарақаттар анықталған жоқ.

Жалпы төбелеске 10 адам қатысты.

Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесінде тіркелді. 

 

 

Жаңалықтар
0