Өңірлер

Ақмола облысындағы Чаглинка өзенінің су деңгейі төмендеп келеді

© Photo : ДЧС Акмолинской областиСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Чаглинка аулының қауіпсіз жерге көшірілген тұғындары үйлеріне қайта оралды

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Ақмола облысы Чаглинка аулындағы ахуал қалпына келе бастады, өзендегі су деңгейі төмендеп барады, тұрғындар үйлеріне қайта оралды деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Чаглинка өзеніндегі су деңгейі қазір біртіндеп төмендеп келеді, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, — деді төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел штабы. — Қауіпсіз жерге шығарылған ауыл тұрғындары кеше үйлеріне қайта оралған, үйлер мен аулаларға жиналып қалған су шығарылды".

© Photo : Ақмола облысы ТЖДАқмола обылысы Зеренді ауданындағы Чаглинка ауылы
Ақмола обылысы Зеренді ауданындағы Чаглинка ауылы - Sputnik Қазақстан
1/2
Ақмола обылысы Зеренді ауданындағы Чаглинка ауылы
© Photo : Ақмола облысы ТЖДАқмола обылысы Зеренді ауданындағы Чаглинка ауылы
Ақмола обылысы Зеренді ауданындағы Чаглинка ауылы - Sputnik Қазақстан
2/2
Ақмола обылысы Зеренді ауданындағы Чаглинка ауылы
1/2
Ақмола обылысы Зеренді ауданындағы Чаглинка ауылы
2/2
Ақмола обылысы Зеренді ауданындағы Чаглинка ауылы

Қазір ауылда ТЖД арнайы техникасы мен күштері кезекшілікте тұр.

11 сәуір күні 5:45-те Ақмола обылысы Зеренді ауданы Чаглинка өзенінде су деңгейі шектен тыс көтеріліп, тасыған болатын. Соның салдарынан тоғыз аула аумағын су алып кетті, 43 адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың тоғызы жас балалар. Сонымен бірге, 154 үй жануары мен құсы қауіпсіз жерге апарылды.

Жаңалықтар
0