Оқиға

Ақтауда құрылыс аумағында екі ер адам өлі күйінде табылды

© Photo : газета "Лада"Ақтауда құрылыс аумағында екі ер адам өлі күйінде табылды
Ақтауда құрылыс аумағында екі ер адам өлі күйінде табылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрылыс нысанында екі адам көз жұмды, болжам бойынша иіс тиюден

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Ақтауда салынып жатқан нысан аумағындағы дүңгіршекте екі адам өлі күйінде табылды, деп жазады өңірлік "Ақтау" басылымы.

Ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, қаза болғандар — 1959 және 1986 жылы туған Ақтау тұрғындары. Алдын ала болжам бойынша, ер адамдардың өлу себебі — тұншықтырғыш газға улану.

Болжам бойынша, олар мас болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0