Оқиға

Астанада бетон араластырғыш пен автобустың соқтығысуынан екі бала зардап шекті

© Sputnik / Медиабанкке өтужедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылар автобусында шамамен жеті адам болған, оның екеуі бала

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Астанада бетон араластырғыш жүк көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарына екі бала зардап шекті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жол апаты Тілендиев даңғылы мен Келешек тұйық көшесінің қиылысында орын алды.

"Сағат 17-лер шамасында, автобус Тілендиев даңғылы бойында келе жатып, Келешек тұйық көшесіне бұрылған кезінде бетон араластырғыш жүк көлігімен соқтығысты. Ауруханаға жарақаттармен 2007 және 2015 жылы туылған кәмелет жасқа толмаған балалар жеткізілді. Автобуста алты-жеті жолаушы болған, өйткені ол соңғы аялдама болатын", — деп хабарлады ІІД-ге.

Тексеруден кейін балалар үйлеріне қайтарылды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. 

 

 

Жаңалықтар
0