СТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Грузия президенті Георгий Маргвелашвили осы жылғы маусымда Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Абашидзе.
"Грузия президенті Георгий Маргвелашвили мырзаның Астанаға 29-30 маусымда сапармен барады деген мәселесі қаралып жатыр. Сапар біздің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық-техникалық қатынастарымызға қосымша үлес қосады", — деді Абашидзе журналистерге сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін.
Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өтуінше, Грузиямен екіжақты қарым-қатынасын дамытуға ерекше мән береді.
"Біз Тбилисимен барлық салада және барлық деңгейде ары қарай диалог жүргізуге мүдделіміз. Өткен жылдары халықтарымыз арасындағы достық байланыс нығая түсті. Ынтымақтастықты осындай бағытта дамыта түсуіміз қажет. Кавказ арқылы өтетін теміржол бойында тұрған Грузия біз үшін өте пайдалы әріптес саналады. Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилидің алдағы Астанаға сапарында біз кең ауқымды мәселелерді талқылап, екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындаймыз деп сенемін", — деп түйді президент.